Сыр елінде Кәсіподақтар федерациясының жаңғыру Жол картасының іске асырылу барысы талқыланды

4 қыркүйекте Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары С.Даулеталин , әлеуметтік әріптестік аясындағы серіктестер Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық басқарма басшылары орынбасарлары, облыстық Кәсіпкерлік Палатасы директоры орынбасары, облыстық салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кәсіподақтар жиынының алғы сөзінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2 қыркүйек 2019 жылғы халыққа жасаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты жолдауы міндеттемелеріне тоқталды. Наурызбай Сейтқалиұлы еңбек адамының әл-аухатын өсіру мақсатында жасалып отырған жұмыстарда кәсіподақтардың да өзіндік орыны бар екендігін атап өтіп, 2019 жылғы 13 ақпанда қол қойылған Қызылорда облысының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы арасындағы ынтымақтастық Меморандумы аясында жұмыс жалғасатындығын жеткізді.

Үйлестіру кеңесінің негізгі күн тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған жаңғыру Жол Картасының іске асырылу барысы туралы Федерация төрағасының орынбасары Даулеталин Сатыбалды Телағысұлы толық ақпарат берді. Сатыбалды Даулеталин ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі әлеуметтік мәселелер мен олардың орындалуы бойынша қабылданатын шараларында кәсіподақтар тиісінше бірлесетіндігін мен кәсіподақтар қызметі қағидаларының жолдау талаптарымен толықтай үндесетіндігін атап өтті. Баяндамада Кәсіподақтар жол картасында көзделген кәсіподақтар жүйесін жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жұмыскерлердің құқын қорғау тетіктерін күшейту, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы одан әрі әлеуметтік әріптестермен бірлесе, барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарымен жүргізілуі қажет жұмыстар жайы баяндалды.

Жол картасының Қызылорда облысы кәсіподақтарымен жүзеге асырылуы туралы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов баяндады. Серік Сағитжанұлы жол картасын ісіке асыру кезеңіндегі облыста жаңадан «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы облыстық ұйымдары құрылғандығын, кәсіподақ қатарына жыл басынан 7 ай көлемінде 2 мыңнан астам жұмыскер кәсіподақ мүшесі болып қосылғандығын атап өтті. Әлеуметтік әріптестермен бірлесе «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 85 жұмыскер қысқартылуына байланысты туындаған мәселеде, «Қуат Амлон Мунай» БК ЖШС-да қысқартуға жатқан 25 жұмыскердің еңбек құқықтары толық сақталуына қоғамдық бақылау жасауда, олардың жұмысқа орналасуында нәтижелі жұмыстар атқарылғандығы айтылды. 2018 жылы аумақтық кәсіподақтар бастамасымен қабылданған «Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасы, Нөлдік жарақат Тұжырымдамасын қабылдауға шақыру, «Еңбекті қорғау саласында профилактика мәдениетін бірге көтереміз!» республикалық акциясы аясындағы шаралар, семинар оқытулар ұйымдастыру, өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлар жұмыстары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар С.Сермағамбетов еңбек адамының мәртебесін көтеру, Жастар жылы аясында әріптестермен жастардың мамандық таңдауында септесу мақсатындағы шараларға зор мән берілу қажеттілік гіне баса назар аудартты, өз ұсыныстарын жасады.
Үйлестіру Кеңесі отыры күн тәртібі бойынша кәсіподақтар федерациясының жаңғырту жол картасын жүзеге асыру бойынша «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалымен атқарылған жұмыстар туралы филиал төрағасы А.Абылайханұлының, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облысы филиалымен атқарылған жұмыстар туралы филиал төрайымы А.Искакованың баяндамалары тыңдалды.

Үйлестіру кеңесі мүшелері, кәсіподақ төрағалары пікірсөздер сөйлеп, ұсыныстарын ортаға салды. Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 4 қыркүйек 2019 жылғы Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысы қорытындысымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру Жол Картасының іске асырылу барысына әлеуметтік әріптестер, кеңесі мүшелері оң пікірлерін білдіріп, қолдау жасады. Қатысушылар Қазақстан Кәсіподақтары қозғалысындағы Федерацияның тың серпінді жаңа бастамаларымен жүргізіліп жатқан еңбек адамы мүддесі бағытындағы жұмыстарына ризашылық лебіздерін жеткізді.