Ақтөбеде Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру жол картасының іске асырылу барысы талқыланды

Ақтөбе облысы салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдар өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының орынбасары С.Даулеталин,  Кәсіподақтар орталығының төрағасы  А.Әмірғалиев, кеңес мүшелері, бастауыш және жергілікті кәсіподақ белсенділерімен «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

 Кенестің күн тәртібі бойынша А.Әмірғалиев ҚР Президенттінің “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” жолдауы бойынша баяндама жасап, онда ішкі саясаттың негізгі мәселелері, мемлекеттік институттарды нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету туралы айтылды.

 Жиын қатысушылары Мемлекет басшысының жолдауына бірауыздан қолдау көрсетіп, оны алдағы кезде жүзеге асыру жұмыстарына белсене қатысатындықтарын білдірді.

 Арнайы, жұмыс сапарымен келген С.Даулеталин, Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңес отырысының қорытындысы және Кәсіподақтар Федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған жаңғыру Жол Картасының іске асырылу барысы туралы толық ақпарат берді. Ол, Жол картасында белгіленген міндеттер орындалғанын және Кәсіподақ Федерациясының, оның мүшелік ұйымдарының өткен кезеңдегі кәсіподақ қозғалысын одан әрі нығайтуға, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбекшілердің өмір сүру деңгейі мен құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталған қызметі туралы хабардар болғанын атап өтті.

 Бұл мәселені талқылауда “Келешек” Жастар Кеңесінің төрағасы Д.Жылмағанбетов сөз сөйлеп, кәсіподақтың барлық мүшелерінің жалпы санының 32 пайызын құрайтын еңбек етіп жүрген жастармен жұмыс істеудің айтарлықтай белсенділігін атап өтті. Қыркүйек айында Ақтөбе облысының жұмысшы жастарымен кездесу және зияткерлік ойындар өткізу жоспарлануда.

 Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіподақтар күніне дайындық мәселелері, үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер белсенді талқыланып, олар бойынша шешімдер қабылданды.

 Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысы қорытындысымен Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру Жол Картасының іске асырылу барысына әлеуметтік әріптестер оң пікірін білдіріп, қолдау жасады. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстан Кәсіподақтары қозғалысындағы Федерацияның тың серпінді жаңа бастамаларымен жүргізіліп жатқан еңбек адамы мүддесі бағытындағы жұмыстарына ризашылық лебіздерін жеткізді.