Ұжымдық шарт – әлеуметтік әріптестердің назарында

Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 18 қыркүйек күні «Жамбылремсервис» ЖШС-де «Ұжымдық шарттың өзектілігі мен тиімділігі және еңбек дауларының алдын алудағы ұжымдық шарттың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел  жұмысына облыс әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы мен тиісті мамандары, Жамбыл облысының өндірістік кәсіпорындарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жеткешілері және осы өндірістік ұйымның еңбек ұжымы қатысты. Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген қатысушыларға дөңгелек үстел жұмысымен таныстыра отырып, еңбеккерлердің мүддесін қорғау, ұжымдық шарт жасау арқылы еңбектің тиімділігін арттыру және еңбек дауларының алдын алудағы ұжымдық шарттың рөлінің  маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б. Нарбаев әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық шарт арқылы  реттеу, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда өзара іс-қимыл жасаудың  ұтымды тұстарын айтып өтті. Дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары  Б. Қарауловтың  ұжымдық шартың мәні мен маңыздылығы, жасау тәртібі мен жауапкершілігі туралы баяндамысы тыңдалды,  атап айтқанда бүгінгі күнге Жамбыл облысында қызмет етіп тұрған мекемелер мен кәсіпорындардың саны – 8 809 болса олардың 4545- де ұжымдық шарт жасалынған.

Осы орайда облыста кәсіподақ ұйымдары бар мекемелер мен кәсіпорындардың  90 пайыздан астамы ұжымдық шартпен қамтылғаны айтылды.Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Б. Молдашевтың «Еңбек қатынастары және оны реттеуде мемлекеттің рөлі»,  «Казфосфат-ЖЖФЗ»  ЖШС-нің  бастауыш  кәсіподақ  ұйымының төрағасы Ш. Байғановтың «Өндірістегі еңбек адамының құқын қорғаудағы кәсіподақтың орны» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалдып, ондағы ұжымдық шарттың сапасы, оның орындалуы, еңбек дауларының алдын алу мәселелері қатысушылар тарапынан қызу талқыланды. «Жамбылремсервис» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р. Жұманова осы кәсіпорынның 2018-2020 жылдарға жасалған Ұжымдық шартының мәні мен атқарылған жұмыстарының есебі айтты.

Қатысушылар 2 сағат бойы өткен отырыста өздерінің сұрақтарына жауап алып, еңбек қатынастары мен еңбек адамының мүддесін қорғаудағы мемлекет пен кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары жайлы өзара пікір алмасылды.

Жамбыл облыстық қәсіподақтар бірлестігі осындай мазмұнды  «Дөңгелек үстелді» алдағы уақытта да өткізіетін болады.