Татуласу орталығында кездесу өтті

20 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы Татуласу орталығының меңгерушісі З.Шатикова облыстың салалық кәсіподақтарының заңгерлері мен мамандарының қатысуымен кездесу өткізді.

 Кездесуге БҚО әкімдігі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ кабинет меңгерушісі, БҚО медиаторлар одағының төрағасы Рахишева Алуа Ғилманқызы татуласу орталығымен біріккен жұмысты жүргізуде кәсіподақ мамандарымен тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы шақырылды.

А.Рахишева кәсіподақ мамандарына қызықты болған медиация жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, медиаторлардың жұмысымен таныстырды, сонымен қатар тараптар бірігіп жұмыс жасау, тәжірибе алмасу бағытында пікір алмасып, алдағы іс-шараларды жоспарлап, міндет, мақсаттарын айқындады.