КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРЛЕРІНЕ – ҚҰРМЕТ

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі бірқатар кәсіподақ ардагерлерінің үйіне барып, мерекеге орай сый-құрмет көрсетті.

Борис Тимофеевич Стародубцев – кәсіподақ ұйымында үздіксіз 20 жыл қызмет атқарған кісі. Жасы  82-де.  Ол әлі күнге шейін кәсіподақ ардагері ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Ақсақалға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Е. Тоғжановтың 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай жолдаған құттықтауын тапсырды. Игі тілектер айтылды.

Б.Т. Стародубцев кәсіподақ тарапынан көрсетілген құрметке ыстық ықыласы мен аталық алғысын білдірді.

Сондай -ақ ұзақ жылдары бойы кәсіподақ  ұйымдарында қызмет істеген, бұл күндері зейнеткер ардагерлер Ч. Кұрамысов, О. Есіркепов, Ф. Зибирова, К. Інкәрбеков, Т. Яфарова, М. Кампанцева жәнем  Г.Ногайға мерекелік сый – құрмет көрсетілді. Бұл кісілер де өздерінің саналы өмірлері әр кезеңде  кәсіподақтың тыныс-тіршілігімен біте қайнасқанын айтып, өз разы көңілдерін білдірді.