ҚАРТТАР – ЕЛ ҚАЗЫНАСЫ

Тараз қаласында Халықаралық қарттар күніне орай сән-салтанатты мереке болды.

Орталық саябақтағы ашық алаңда жиналған 300-ге жуық ардагер кісілер мерекесіне облыс әкімдігінің басшылары, қоғамдық ұйымдардың және жұртшылық өкілдері қатысты.Тараз қаласында Халықаралық қарттар күніне орай сән-салтанатты мереке болды. Орталық саябақтағы ашық алаңда жиналған 300-ге жуық ардагер кісілер мерекесіне облыс әкімдігінің басшылары, қоғамдық ұйымдардың және жұртшылық өкілдері қатысты.

Жиын төрінен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген осы айтулы күнге орай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың Халықаралық қарттар күнімен құттықтауын оқып берді. Сондай – ақ, адал еңбектерімен зор абыройға бөленген  облыстағы 130-дан астам кәсіподақ ардагеріне лайықты құрмет пен қошемет көрсетілгенін жеткізді. Аймақтағы барлық салалық кәсіподақ ұйымдары бұл ізгілікті іс-шараға белсене қатысты.