Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының құрметті азаматы Медиев Қасымбек Медиұлы ағамыздың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, тума-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай ауыр хабарды естігенде, көңіліміз құлазып, қабырғамыз қайысты.
Қасымбек Медиұлы – Қарағанды облысының дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ел ағасы. Ағамыз мемлекеттік қызметте жүрген кезде көптеген экономикалық-әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты, халықтың әлеуеті артты.
Қасымбек ағамыздың бойындағы қайсарлық, сабырлық, жомарттық қасиеттері – бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі-өнеге. Елі үшін туған асыл ердің арты қайырлы болсын!
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
ҚР Кәсіподақтар федерациясы