ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов бастаған ҚР Кәсіподақтар федерациясының делегациясы ҚТЖ ҰК «Сороковая механикаландырылған жолдар бекеті» филиалында болды.
Еңбек ұжымымен кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ кәсіподақтар қозғалысын жаңғыртудың түйінді аспектілері талқыланды.
Кездесу барысында Ералы Тоғжанов жұмысшылардың еңбек шарттарымен, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, еңбекақы және еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнама талаптарын сақтау шарттарымен танысты.
Кәсіпорын директоры Сапарбек Назыров теміржолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары, теміржолдардың техникалық әлеуетіне мамандандырылған кәсіпорын қызметі туралы айтты. Бүгінде ұйымда 531 жұмысшы қызмет етеді. Барлығы – кәсіподақ мүшелері.
Ұжымдық шартқа сәйкес жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде, демалысқа қосымша күндер, тарифтік төлемге қосымша ақылар, сонымен қатар, жұмысшыларды сауықтыру үшін шипажайлық-курорттық жолдамалар қаралған.
Кездесу соңында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмысшылардың еңбек шарттарына оң баға берді, сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының маңызды рөлін атап өтті.
Келесі кездесу №1 автобус паркінде өтті.
Кәсіпорын басшылығы делегация үшін таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
«1 автобус паркі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрмұхан Пулатов бүгінгі таңда автопаркта 1800 адам жұмыс істейтінін, соның ішінде 1100 жұмысшы кәсіподақ мүшесі екендігін айтты.
Ұжымдық шартқа сәйкес жұмысшылар үшін қайырымдылық, материалдық көмек, жылсайынғы демалысқа қосымша күндер, шипажайлық-курорттық жолдамалар қарастырылған.
Кәсіпорын 29 қалалық, 18 қала маңын және 3 экспресс бағдарда қызмет көрсетеді немесе елордадағы жалпы тасымалдың 60 % жүзеге асырады. Бүгінгі таңда автопаркте 650 автобус бар, оның ішінде 462 автобус күн сайын жолаушылар тасымалымен айналысады. Сондай-ақ, кәсіпорын әлеуметтік маңызды бағдарларды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда парктің кәсіподақ ұйымы өндірістік кеңес арқылы еңбеккерлердің денсаулығын жақсарту жұмыстарын қолға алуда. Автобус жүргізушілеріне жіті көңіл бөлініп отыр.
Кәсіподақтар күні қарсаңында кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақтар орталығы кәсіпорынға теннис үстелін сыйлады.
ҚРКФ басшысы кәсіпорындағы спорттық іс-шаралар адамның жұмыс істеуге және дамуға деген күш-жігерін арттыратындығын атап өтті.