Ералы Тоғжанов Шымкент қаласында «ЯНС-2» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Салтанатты іс-шара соңында ҚРКФ төрағасы «ЯНС-2» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кәсіпорын қоғамдық көлік саласында қызмет көрсетеді және оңтүстік өңірінің нарығында көп жылдан бері жұмыс істейтін беделді кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Кәсіподақтар федерациясының басшысы автопарк қызметімен танысты.

Бейресми форматта ұйымдастырылған кездесуде ҚРКФ басшысы жұмысшыларды Кәсіподақтар күнімен құттықтай отырып, еңбеккерлердің мәселелерімен танысты. Соның ішінде, ұжымдық шарт, еңбек қауіпсіздігі және бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі талқыланды.

Кездесу барысында кәсіпорынның үздік кәсіподақ мүшелері Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен және құрмет грамотасымен және «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.