Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесін атап өту жоспарына сәйкес “Senim” кәсіподағының облыстық филиалы 10 қазан күні дүниеге келген 10 сәбиге “Бауы берік болсын!”айтып, ерекше сый-сияпат жасады.
Тараз қалалық перзентханада және қалалық перинаталдық орталығында босанып, жарық дүниеге сәби әкелген 10 көпбалалы анаға коляска және әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын 5 әйелге 20 мың теңгеден көрімдік есебінде жәрдем берілді.
Сәбилі аналар арасында бір кісі егіз баланы дүниеге әкелген. Бәрі де өздеріне назар аударып, сая болған кәсіподақ ұйымдарына ақ алғыстарын жаудырды.
Медицина саласы кәсіподағы мүшелері – дәрігерлер де риза. Кәсіподақ күні келген сәбилердің айта жүрер төл тарихы бар. Байтақ елдің ұрпақтары еңбекпен өсе берсін!