ӘР КӘСІПОРЫНҒА ЖЕТУ !

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойған ынтымақтастық пен өзара іс – әрекет туралы меморандум аясында облыстың кәсіподақ ұйымдарында жұмыс жанданды.

Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының, Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды аумақтық Кеңесінің, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды филиалының басшылары облыс ұжымдарында ұжымдық шарттар жасау және жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мақсатында кездесулер өткізді.

Кездесулерге «Соқыр көмір» ЖШС – нің директоры Асқар Сұлтанбеков, Қарағанды облысының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры Талғат Идрисов және «МАНАС» ЖШС – нің директоры Айнитдин Буралкин қатысты.