Болашақ мамандармен кездесу өткізілді

«Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бітіруші курс студенттерімен «Болашақ жас мамандар үшін, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіподақ қозғалысы туралы мәселелердің қажеттілігі туралы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік , Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Манахов Абдурайра қатысты.

Кездесуді «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерғазы Нұрлан жүргізді.

Кездесу барысында кәсіподақ белсенділері С.Әуесханов пен А.Манахов Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне мән беруді, Түркістан облысында және Шымкент қаласында орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар жөнінде нақты мысалдар, еңбек шартын және ұжымдық шарт жасасудың түпкі негізі жұмыскердің құқын қорғау және әлеуметтік жағдайын жасауға бағытталатыны, ол үшін кәсіподақ ұйымын құру мен кәсіподақ мүшесіне кіру қажеттілігін кеңінен түсіндіріп, насихаттау жұмыстарын жүргізді.