Еңбек қатынастарындағы медиация

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы мен Халықаралық құқық қорғау орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Кәсіподақтар орталығында “Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларының негіздері мен еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізуге бағышталған келіссөз түрлері” атты семинар-тренинг өткізілді.

«Еңбек дауларын алдын алу, тиісті заңға сәйкес келіссөздер өткізу арқылы жұмысшылардың құқықтарын қорғау біздің негізгі жұмысымыздың бір бағыты. Ал осындай семинар-тренинг біздің білімізді әрі қарай нығайтуына, түрлі тәсілдеріне көз жеткізуге мүмкіндік береді» – деді ашылу рәсімінде кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев.

Семинарға 70-тен астам алғашқы кәсіподақ мүшелерімен жұмыс берушілер жағынан келісу комиссиясының мүшелеріде қатысты.
Дәріскер ретінде – халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы-медиатор, “Халықаралық құқық қорғау орталығы” РҚБ президенті, Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Жанділда Әжіғалиұлы Жақыпов өткізді.

Семинарда еңбек құқығы мәселелері, еңбек қатынастарындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек дауларын шешудегі медиация шараларын қолдану, кәсіподақтардағы шетелдік медиация тәжірибелерін зерттеу мәселелері талқыланды.

Семинар-тренинг сұрақ-жауап түрінде құрылды, бұл еркін жағдай туғызуға және диалогқа қатысушылардың қызығушылығын тудыруға мүмкіндік берді. Жағдайды талқылау тыңдаушылар қойған нақты мысалдар мен сұрақтар бойынша жүргізілді.
Қатысушылар осындай оқыту семинарларының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, өйткені еңбек заңнамасы саласында алған білімдерін еңбек адамының өмірлік мәселелерін шешуге бағыттайды.

Семинар қорытындысы бойынша оқыту семинарынан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді.