БАҚ-пен байланыс нығаюда

Бүгін Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жергілікті кәсіподақтар төрағалары, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Кездесу жиынын алғысөзбен ашқан аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов кәсіподақтар тарапынан ақпарат алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде облыстағы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ​ және ​ еңбек адамын ұлықтау, адал еңбекті насихаттау бағытында   облыстық газет басылымдарындағы жарияланымдар туралы айтып өтті.

«Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  директорының орынбасары М. Аралбаев мерзімдік басылымдардың​ елдің, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жария етуде, мемлекеттік саясатты ақпараттандырудағы орнын атап өтіп, кәсіподақтардың ақпараттық ​ жұмыстарын одан әрі күшейту мақсатындағы жұмыстарға тоқталды.

«Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» және қалалық «Ақмешіт апталығы», аудандық 7 басылымның басын біріктіреді.

Кездесу барысында салалық кәсіподақ төрағалары тарапынан ақпараттық жұмысты одан әрі дамыту, кәсіподақ мүшелерінің, еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы жариялымдарды, кәсіподақтар қызметі туралы ақпараттарды газет беттерінде жүйелі жариялануын ұйымдастыру бағытындағы бірқатар ұсыныс-пікірлері білдірілді.

Айта кету керек, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жергілікті газет басылымдары беттерінде ақпараттық материалдарының жариялануы  бірлестіктің ​ «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен арадағы әскерлік-қызметтік қатынас туралы​ Меморандум аясында жүзеге асырылады.