Кәсіподақтар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының еңбек ұжымымен кездесті

Бүгін БҚО Кәсіподақтар орталығы Орал қаласының №2 сотымен бірігіп, БҚО еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚОФ ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Орал қаласының №2 сотының судьясы Гүлнар Мусаурова, Кәсіподақтар орталығының заңгері З.Тулеугалиева және БҚО еңбек инспекциясы инспекторы А.Батыров қатысып, еңбек дауларының алдын-алуға қатысты мәселелерді талқыға салды, сонымен қатар еңбек дауларын шешу тәртібі мен жолдары, дауларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі, мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірілді.

Еңбек дауларының алдын-алу және екі тарапқа да тиімді шешу мақсатында сотқа жүгінбестен бұрын кәсіподақ өкілдерінен кеңес алу туралы ақпарат берілді.

Кәсіподақтар орталығының заңгері З.Тулеугалиева өз кезегінде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.