Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында “Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік проблемалар картасы ” жобасы талқыланды. Аталмыш жобаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғамдық даму істері басқармасы әзірледі.
Жиынға қала аудандарының әкімдіктерінен, мемлекеттік емес ұйымдар, экология, тұрғын үй басқармалары, кеңес өкілдері қатысып, әлеуметтік мәселелерді жан-жақты сөз етті, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ орталығы қазіргі таңда қаладағы құрылыс компанияларының жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы салдарынан биыл былтырғы жылға қарағанда өндірістік жарақаттар деңгейінің 1,5 есеге өскендігіне алаңдаушылығын жеткізді. Және бұл жердегі басты мәселе құрылыс компанияларының кәсіподақ құруға, техникалық инспекторларды жасақтауға зауқы соқпайтынын баса айтты.