Еңбек адамы және рухани құндылықтар

Бүгін Тараз қаласында «Рухани құндылықтар елдікке бастайды» деген Жамбыл облысы имамдарының аймақтық форумы өтті.
Бұл алқалы жиынға үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері қатысып, имандылық, отаншылдық, еңбеккорлық және мәдениеттілік жайында өз пікірлерін ортаға салды.
Форумда Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген «Еңбек адамы және рухани құндылықтар» тақырыбында сөз сөйледі. Адал жолмен табыс тауып, еңбек етудің және еңбек адамына көрсетілуі тиіс ізгіліктер айтылды. Бұл орайда кәсіподақтар ұйымының адамдарды еңбекке тәрбиелеу және еңбек адамына қорғаныш болу міндеттерін де атап өтті.
Заманды адам жасайды, ал, еңбек адамының қадір-қасиеті бәрінен де биік дей келе қоғам алдындағы жауапкершіліке қатысты ой қозғады.