22 қарашада Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмыскерлерімен кездесті. Қызылорда қаласын жылумен қамтып отырған кәсіпорында 861 адам жұмыс жасайды, барлығы да кәсіподақ мүшелері.
Кездесу барысында С.Сермағамбетов еңбек ұжымын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел егемендігінің қадірі мен Елбасы – тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел тұтастығы мен өркендеуі жолындағы ерен еңбегін атап өтті. Жұмыскерлермен еңбек жағдайы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі тұрғысында сұхбат өрбіп, кәсіподақтармен осы бағыттағы жасалып жатқан жұмыстар әңгімеленді. «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыру, оның талаптары, мекемедегі кәсіподақ ұйымы жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы мекеме басшылығы мен жұмыскерлеріне «Нөлдік жарақат» Тұжырымдамасы жайлы ақпарат беріп, кәсіпорынды тұжырымдаманы қабылдауға шақырды.
Қазақстан Республикасының алдағы мерекелеріне орай мекемедегі бірқатар кәсіподақ белсенділері аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.