Қостанайда ҚР Кәсіптік одақтар федерациясы төрағасының жеке қабылдауы барысында ата-аналар кеңесінің мүшелері Ералы Тоғжановқа осындай бастамамен жүгінді.
Мұндай акцияның әлеуметтік маңызы зор. Жақсы істер жас талғамайды.
Кішкентай сәбилер де үлкендермен қатар жақсы істерді атқара алады. Әлеуметтік маңызы бар бастама кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларын жақсылық жолында біріктіретіні анық. Ералы Тоғжанов бұл бастаманы қолдады.
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жанында жас мамандар үшін тағылымдамадан өту және әлеуметтік саты бағдарламасы жұмыс істейтін болады. Ералы Тоғжанов Қостанай облысы кәсіподақтар ұйымдарының жас заңгерлеріне осындай бастаманы ұсынды. Жұмысшылардың құқықтарын толыққанды қорғау үшін жоғары біліктілікке ие болумен қатар, білімін үнемі жаңартып отыру қажет.
Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Жанкелді Байжанов ҚжЕҚ саласында мамандарды дайындау сапасына қатысты өзекті мәселені көтерді.
Бүгінде оқу қызметтері нарығындағы жағдай түсініксіз, оқу сапасы бақыланбайды.
ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжановқа өтінішпен жүгінген маман осындай оқу орталықтарына лицензия беру немесе аккредиттеуді республикалық деңгейде жүргізу, ал ҚжЕҚ бойынша емтиханды орталықтандыру қажет деп есептейді.
Ұсыныс қаралатын болды, оқу нарығындағы бүгінгі жағдайға талдау жүргізіледі. Алдағы уақытта ҚРКФ осы мәселе бойынша заңнамалық бастамамен шығуға ниетті.