Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Жезқазған өңіріне ат басын бұрды. Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында «Келешек» жастар кеңесінің отырысына қатысып, өскелен ұрпақтың өзекті мәселелерін ортаға салды. Сондай – ақ, жергілікті бизнес және көлік колледжінің ұжымымен кездесіп, педагогтар мәртебесіне қатысты сұрақтарды көтерді.