25 қарашада «Қуатамлонмұнай» біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде компанияның кәсіподақ ұйымының бастамасымен кездесу өтті.
Кездесуге аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Бәйімбетов, мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрайымы А.Искакова, компания директорының орынбасары, вице-президент Чжан Лимин, әкімшілік директоры Чжу Айцзюнь, жалпы мәселелер бойынша директордың кеңесшісі Е.Несіпбайұлы және де басқа да жауапты мамандар қатысты.
Кездесу барысында мұнай компаниясының 2018-2020 жылдарға арналып жасалған Ұжымдық шартына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Компанияның кәсіподақ ұйымы бастамасымен Ұжымдық шарттың бірнеше талаптарына өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.
Атап айтқанда, еңбеккерлердің үстеме жұмысы ақысы, еңбек демалыстарын ұйымдастыру, жұмыскерлерге және олардың отбасыларына әлеуметтік көмектер қарастыру, медициналық сақтандыру сомасын көбейту және басқа да талаптар қаралған.