Алғашқы 9 айдың өзінде жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынған. Түрлі қабылданған шаралардың арқасында 36 мыңдай жұмысшының құқығы қорғалып, 5 млрд теңгенің берешегі өтелген. Бұл мәлімет бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Енді, жалақыны уақытылы беру жөнінде заңнама нормалары тағы да қатаңдатылады. Мұндай тапсырманы Премьер-министр жауапты орган басшыларына жүктеді. Асқар Маминнің айтуынша, заңнама нормаларын жалақы төлемеу жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай ету керек. Елбасы мен Мемлекет басшысының міндеттеген тапсырмаларының бірі – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Сондықтан бар ынтаны осы бақытқа жұмсау қажет. Сондай-ақ еңбек қатынасында жалақы бойынша қарыздарды монитринг жасау алгортмін қайта қарау керек, -деді Үкімет басшысы. Бұл бағытта жауапты органдар кәсіподақтар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмыс істеуі керектігі айтылды.