Qazaqstan.tv: “Вице-премьер еңбек қатынастарына ерекше көңіл бөлуді тапсырды”

Жұмысшылардың құқығын қорғау, еңбек дауларын тудырмау – маңызды міндеттердің бірі. Бұл мәселені аймақ басшылары басты назарда ұстауы қажет. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осы мәселе бойынша республикалық үшжақты комиссияның отырысын өткізді.

Ресми дерек бойынша, биылдың өзінде 36 мың жұмысшының құқығы қорғалған. 5,1 млрд теңгенің жалақы қарызы өндірілген. Осы ретте кәсіпорындарда жасалатын ұжымдық келісімшарттардың мазмұны мен сапасын арттыру керектігі айтылды. Селекторлық жиынға кәсіподақтар федерациясы, барлық аудан басшылары және мүдделі министрліктердің өкілдері қатысты.

Тараптардың пікірін тыңдаған вице-премьер еңбек қатынастарын реттеуде мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керектігін ескертті.

https://qazaqstan.tv/news/119486/