Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!

Қызылорда облысы кәсіподақтары «Әйелдер зорлық-зомбылығына қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» акциясын қолдады. Еңбек заңнамалары, жұмыскерлер құқығы түсіндірілген семинар-кеңесте қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жұмыскер әйелдер комиссиясы мүшесі,​ Қызылорда облысы бойынша комиссия төрайымы Майра Боранбаева бұл іс-шараның басты мақсатын түсіндірді. ​

Қоғам мен мемлекеттің ​ отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді саясатты іске асыру бағытындағы бірлескен шаралары туралы ақпарат беріліп, еңбек саласындағы әйелдерге қатысты мәселелер талқыланды.

Әлемде қоғам індетіне айналған зорлық зомбылықтың қандай да бір түріне де мүлдем төзбеушілік мәдениетін көтеру, зорлық-зомбылық нышандарын жою шараларына назар аударылуы тиіс. ​ Жиында әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендетудің ​ бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша, еңбек саласында еңбек құқықтары бойынша ​ оқыту деген ой білдірілді. ​

Зорлық –зомбылыққа қарсымыз! Қызылордалық кәсіподақ мүшелері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілікке қарсылық акциясына үн қосты.