Сырдың қос басылымына – 90 жыл!

2019 жылғы 28 қарашада Қызылордада облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы мерейтойы аталып өтті.Сыр елінің тыныс-тіршілігі айнасына айналған төл газеттері ақпарат кеңістігінде өзіндік орыны бар, оқырманы ұрпақтармен жалғасқан басылымдар болып отыр. Облыстық қоғамдық-саяси қос басылым «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі меншігіндегі газеттер қатарында. «Сыр Медиа» ЖШС-да ағымдағы жылы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, қазірде серікстестіктің кәсіподақ ұйымы аймақтыңақпарат саласынан алғашқы болып ​ «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Қызылорда облыстық филалы құрамында мүшелік ұйым ретінде жұмыс жасауда. ​ Серіктестіктің 200 ден аса қызметкерлері кәсіподақ мүшелері. ​

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен арадағы әскерлік-қызметтік қатынас туралы​ Меморандум ​ жасалып, аймақ кәсіподақтарының ақпараттық материалдары жергілікті газет басылымдары беттеріндегі жарық көруі үйлестірілуде.

Қос басылымның мерейтойында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов құттықтау сөз сөйлеп, аймақ кәсіподақтарының қызметін ақпараттандырудағы елеулі шығармашылық еңбектері ​ және​ әлеуметтік еңбек қатынастары бойынша қоғамдағы кәсіподақ жүйесінің маңыздылығы мен ролін арттырудағы белсенділіктері үшін ​ бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.