«Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік Университетінде жалпыреспубликалық ашық дәріс болып өтті.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елмен етене Елбасымыздың еселі еңбектерін дәріптеу барысында ұйымдастырылған Ашық дәріске қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, университет оқытушылары мен белсенді студенттер қатысты.
Жиынды Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері – Жаулин Киікбай Мыңбайұлы жүргізді.
«Елбасының тәуелсіз жылдар ішіндегі еңбектері тарихқа алтын әріптермен жазылары анық. Алғашқы жылдардан – ақ сындарлы саясатымен елдің өсіп-өркендеу бағытын айқындап, әр жылы халыққа жолдаған Жолдауларымен жол көрсетіп, дем берген Елбасымыз сол бағыттан күні бүгінге дейін танбай, елді өрге сүйреп келеді. Сондықтан да біз егемендікпен қатар Елбасы есімін қатар айтамыз», – деп атап өтті К.Жаулин сөз басында.
Жиынға қатысушы баяндамашылар Елбасының халықаралық деңгейдегі ірі саяси тұлғасы және ел тарихындағы өлшеусіз еңбегі жайында деректер келтіріліп, дәуір тану және тарихи тұлға тану тұрғысында кемеңгерлікпен жүргізген саяси қызметі жас ұрпаққа мәңгі өнеге екені айтты.