1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында педагогикалық ұжыммен кездесіп, Ұлт басшысы – Елбасының Жаңа Қазақстан мемлекетін құрып, қалыптастырудағы тарихи рөлі туралы сабақ өткізді.
Аталған мектеп-гимназияда 1600 оқушы оқиды, 200-ге жуық мұғалім қызмет етеді. Елбасының халықаралық деңгейдегі ірі саяси тұлғасы және ел тарихындағы өлшеусіз еңбегі жайында деректер келтіріліп, дәуір тану және тарихи тұлға тану тұрғысында кемеңгерлікпен жүргізген саяси қызметі жас ұрпаққа мәңгі өнеге екені айтылды.