Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының шұғыл желісіне «КазОйлТранспорт» ЖШС-нің ұжымы қоңырау шалып, жұмысшылардың жалақысы толықтай төленбей жатқандығы туралы ақпарат түсті.
«КазОйлТранспорт» ЖШС кәсіподақ ұйымы құрылмаған шағын кәсіпорын болып табылады.
Келіп түскен қоңырауға сәйкес Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев аталған мекемеге барып, жұмыс берушімен және жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында жұмыс берушіге жалақыны уақытылы және толықтай төлемеу салдарынан жауапкершілікке тартылатындығы жеткізілді. Нәтижесінде жұмыс беруші қысқа мерзімде жұмысшылардың айлықтарын төлейтін болды.
Сонымен қатар, бұл мекеменің жұмысшылары кәсіподақ ұйымын құру жөнінде шешім қабылдап, «КазОйлТранспорт» ЖШС жұмысшылардың бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, «YNTYMAQ» салалық кәсіподағына кіру туралы шешімге келді.