Достық үйінің қабырғасында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім Кеңестерінің облыстық форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім саласында тәжірибе алмасу, түйінді мәселелерге қатысты ұсыныстар дайындау, медиация институтын жүзеге асыру және нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің шеңберінде дауларды сотқа дейін шешудің жаңа тәсілдерін насихаттауды қарастыру болып табылады.
Іс-шараға қатысушылардың құрамы ауқымды, форум жұмысына Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, қала және аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Форум пленарлық отырыспен, оқыту семинарлары және интерактивті тренингтермен жалғасты. Форумның «Қоғамдық келісім және қоғамдық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы» тақырыбындағы секциясында Қарағанды облысының кәсіподақтар Орталығы жанындағы татуласу Орталығының басшысы, медиация саласындағы сертификатты тренер, «Прокурорлар Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі- Света Мұхамедияқызы Шардарбекова «Әлеуметтік-еңбек дауларын шешу» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада еңбек дауларын шешу барысындағы медиативтік рәсімдерді қолдануға қатысты нақты мысалдар келтірілгендіктен қатысушылардың қызу талқылауына түсті. Форумға қатысушылар тарапынан бірқатар тәжірибелік ұсыныстар дайындалды.