Еңбек қатынастарын реттеу және жетілдіру жолында

4 желтоқсанда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде салалық кәсіподақ төрағаларымен жиналыс өтті.

Жиналыста бірлестік төрағасы Серік Сермағамбетов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясымен ​ еңбек қатынастарын реттеу және жетілдіру бойынша Үкіметке ұсынған ұсыныстары жайлы сөз қозғап, көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.

С.Сермағамбетов Ұжымдық шарттарды бекіту көрсеткіштері мен оның сапасына, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайлары бойынша қабылданған шараларға зор мән берілуі қажеттілігін айтты.

Облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары барыстары, түйткілді мәселелер, еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты шаралар талқыланып, салалық кәсіподақ төрағаларының пікірлері тыңдалды.