134 елдегі ахуалды зерттей келе, сарапшылар қазір әлемдегі барлық балалардың небәрі 8,5%-ына әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқанын анықтады.
Әлемде әлеуметтік шығыс $500 млрд-тан асуы тиіс. БҰҰ өкілдері осылай деді. Аталған қаражат балалардың жәрдемақысы, мүгедектерге арналған төлем мен зейнеткерлікке бөлінуге тиіс. Ұйымның айтуынша, қазір жұмсалып жатқан қаржы жеткіліксіз, сондықтан оның мөлшерін көбейту керек. Бұл туралы БҰҰ-ның Халықаралық еңбек ұйымы жариялаған құжатта айтылған.
134 елдегі ахуалды зерттей келе, сарапшылар қазір әлемдегі барлық балалардың небәрі 8,5%-ына әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқанын анықтады. Жан басына шаққандағы табысы төмен елдерде жасы үлкен адамдардың 15,3%-ы, ал табысы орташа елдерде 35%-ы, табысы жоғары мемлекеттерде 90%-ы зейнетақы алады.
«Жалпыға бірдей әлеуметтік қорғауға жаппай инвестициялар арқылы қол жеткізуге болады, яғни осы орайда табысы төмен елдерге халықаралық көмек көрсетілу керек», – деді Халықаралық еңбек ұйымының өкілі Валери Шмитт.
ХЕҰ-ның дерегі бойынша, балалардың жәрдемақысы, мүгедектер мен зейнеткерлікке арналған төлемді өсіру үшін табысы төмен елдер ЖІӨ-ін жылына 5,6%-ға, табысы орташа елдер 1,9%-ға, ал табысы жоғары елдер 1,4%-ға көтеруге тиіс. Бұл құжатты жариялағандардың пікірінше, сондай-ақ тиісті қаражатқа салықты көтеру және заңсыз қаржы ағынына балта шабу арқылы қол жеткізуге болады.
https://inbusiness.kz/kz/last/alemde-aleumettik-shygys-500-mlrd-tan-asuga-tiis