Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Егемендік алғаннан кейінгі ең басты жетістігіміз маңызы жоғары рәміздеріміз болып табылады. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн..
Осындай ұлы күннің қарсаңында еліміздің түкпір-түкпір аймақтарында әдеби құндылықтарымызды дәріптеп, тәуелсіздікпен бірге ұштастыратын «КӨК ТУЫМ МЕНІҢ» тақырыбындағы эстафета жалғасып жатыр. Осы ауқымды эстафетаға «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы бастаған бір топ кәсіподақ ұжымы қолдау көрсетті.