Жамбыл облыстық Фермерлер одағының жыл қорытындысына арналған жиналыс болды.
Үлкен жиынға облыс әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылық басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ «Nur Otan» паритиясы облыстық филиалының жетекші өкілдері қатысты. Онда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген сөз сөйледі.
Жамбылда 17 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Жиында ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізген оң нәтижелерімен бірге шешімін табуға тиісті мәселелер де қозғалды.
Ауыл еңбеккерлерін жан-жақты қолдау – экономикалық-әлеуметіік дамудың қайнар көзі. Бұл ретте облыстық кәсіподақтар бірлестігі мен Фермерлер одағы арасында жасалған меморандумға сәйкес бірқатар мәселелерді шешуге, ең бастысы еңбек адамының мүддесін қорғауда өзара әрекет жасалғанын айтты.
Қазақстан Республикасы Фермерлер одағы төрағасының міндетін атқарушы әрі облыстық филиалдың төрағасы Ж. Дайрабаев фермерлердің біріккен кәсіподақ ұйымын құру жөніндегі ұсыныстың әріптестері арасында қолдау тауып отырғанын айтты. Енді оның ұйымдастыру жұмыстары қолға алынатын болады.