Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер жөніндегі комиссиясы облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қараша күні — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою Халықаралық күні аталып өтіледі.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер жөніндегі Комиссиясы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Компанияның мақсаты – зорлық-зомбылық мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, қоғамдағы қарым-қатынас пен мінез-құлық стереотиптерін өзгерту, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуына жол бермеу.

Дөңгелек үстел отырысын Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев ашып, сәттілік тілеп, әрі қарай Еңбекші әйелдер жөніндегі комиссиясы төрайымы, М.Сағындыкова жалғастырып кетті.

Шараға Ақтөбе облысы әкімі жанындағы отбасылық—демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы А.Хон, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ инпсекторы А.Қасанғалиева, кәсіподақ мүшелері, «Ана үйі» және «Малика» сияқты орталықтарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар Кәсіподақтар орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер жөніндегі комиссиясы, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың экономикалық әл-ауқатының деңгейін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді бірлесіп шешу туралы уағдаласты.

Қатысушылар арасында еңбек етіп жүрген әйелдерге лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыруға бағытталған сындарлы пікір мен ұсыныстар алмасылды.