16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігі күні.
Осы ұлы мерекеге орай Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген Т. Рысқұлов ауданындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте педагогикалық ұжыммен және аудан орталығындағы мектептердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен «Ел тәуелсіздігі – менің бойтұмарым» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Кездесуде ел тәулсіздігінің құндылықтары жайында келелі әңгіме болды. Жаңа Қазақстанның өркениетті дамуы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тарихи рөлі де зор құрметпен атап өтілді. Ең бастысы, халықтар татулығы мен саяси тұрақтылықтың мәні мен Отан игілігін жасаушы еңбек адамдарының абырой-беделі жан-жақты айтылды. Бұл ортақ іске кәсіподақ мүшелерінің қосқан үлесі азаматтық белсенділікпен айқындалатыны да жан-жақты айтылды.
Мұғалімдер мен оқушылар ел тәуелсіздігі тақырыбында өлеңдер оқыды.