“Jan’a esim” Салалық кәсіподақ көшбасшыларының Республикалық шеруі

2019 жылдың 6 желтоқсан күні “Думан” қонақ үй кешенінде “Құрылыс комплексі мен ТКШ салалық кәсіподағы” ҚБ ұйымдастыруымен және әріптес шет елдік  қонақтардың қатысуымен  “Jan’ a esim” Салалық кәсіподақ көшбасшыларының Республикалық шеруі өтті.

Республикалық шеру «Жастар жылына» орай Салалық кәсіподақтың жастар кеңесінің бекітілген жоспарлы іс-шарасы болып табылады.

Бұл іс-шара, Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын және салалық кәсіподақтың жас мүшелері болып табылатын белсенді жастарды марапаттауға, сонымен қатар жұмысшы жастар арасында әлеуметтік белсенділікті анықтау мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізілді.

“Jan’ a esim” жастар шеруінің жүлде қоры: 1 орын- 100.000 теңге, 2 орын- 70.000 теңге, 3 орын- 50.000 теңге, дипломдар, статуэтка және кәдесыйларлар табысталды.

Салтанатты рәсімде 32 үміткерлер арасынан 12 қатысушы марапаттарға ие болды. Олар:

«Жастар-еңбек қауіпсіздігін күшейту және салауатты өмір салты үшін» номинациясы бойынша 1 орын иесі-Жумабек Айсулу Едилкызы, 2 орын- Орынбаев Талгат Полатович, 3 орын- Жанбулатов Рустам и Курманалиева Рахпар, 3 орын- Оналдинова Айнұр Кадырбековна.

«Жастар-қызметкерлердің лайықты құқығы үшін» номинациясында 1 орын иегері Давлетжанова Аягуль Казмухановна, 2 орын-Абдакерова Назым Какымовна, 3 орын- Утеповой Зауреш Нурбергеновна, 3 орын- Шаймагамбетов Бауыржан ие болды.

«Жана есім» номинациясында 1 орынға-Андриенко Богдан Николаевич, 2 орын- Мектопова Ұлболсын Жоламанқызы, 3 орын- Ибрашев Нурлан Садырбекович, 3 орын- Арыстангалиева-Довгалюк Асель Ерлановна иеленді. Және кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін кәсіподақ ардагерлері, салалық к\кәсіподаққа мүше ұйым басшылары, филиалдар,іс-шара тренерлері және ұйымдастырушылар марапатталды.

Сондай-ақ, өңірлерде бұрын өткізілген Салалық кәсіподақтың семинар-тренингтеріне қатысушылар әзірлеген үздік жобаларды марапатталды. Іс-шара аясында тимбилдинг, экскурсия және жас делегаттарға арналған басқа да көптеген шаралар өтті.

Республикалық шеруге қонақ ретінде қатысу үшін салалық кәсіподақтың ардагерлері, шетелдік және республикалық салалық кәсіподақтардың төрағалары, BWI өкілдері (Құрылыс және ағаш өңдеу қызметкерлерінің Интернационалы), “Строитель” Құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының халықаралық конфедерациясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жергілікті өнеркәсіп және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің МОП өкілдері, жұмыс берушілер, Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарының басшылары, салалық кәсіподақтың белсенділері қатысты.