turkystan.kz: “ӨНДIРIСТЕ ӨЛIМ АЗАЙМАЙ ТҰР”

Қазақстан Кәсiподақтар федерациясы былтыр өндiрiс орындарында кiсi өлiмiне әкелген қайғылы оқиғаларға талдау жасаған. Аталмыш ұйым төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин «2018 жылы 191 кәсiпорында 221 адам қаза тапқан. 160 оқиғаға жұмыс берушi кiнәлi екенi дәлелдендi. Ал 138 кәсiпорында кәсiподақ ұйымы атымен жоқ. Яғни қоғамдық бақылау болмаған, өндiрiстiк кеңестер құрылмаған», – дейдi. 106 554 кәсiпорын тексерiлген, соның 145 мыңы еңбек заңнамасын бұзу фактiсiмен тiркелiптi. Салдарынан 327 қайғылы оқиға орын алып, 160 адам зардап шеккен.

https://turkystan.kz/article/91047-ndiriste-lim-azajmaj-t-r