Кәсіптік одақтар федерациясының басшылығы мен АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі өкілдері (USAID) өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіби одақтары федерациясының бірінші орынбасары Сатыбалды Дәулеталин АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасының басшысы Тереза Кеннедимен кездесті.

Жоба өкілдерінің Қазақстан Республикасы Кәсіби одақтары федерациясы басшылығымен кездесуінің мақсаты қауіпсіз еңбек миграциясы бағытында ұсыныстарын естіп білу.

Кездесу барысында еңбек миграциясын реттеу, жұмыспен қамту және қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру талқыланды.

Кездесу соңында тараптар қауіпсіз еңбек миграциясы бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін, атап айтқанда семинарлар мен тренингтертер өткізуге, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, тең құқылы еңбек жағдайына қол жеткізу, кәсіпорындарда тең құқылы еңбек жағдайының сақталуын бақылау және осы бағыт бойынша өзге елдердің ұлттық кәсіподақ ұйымдарымен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қарастыратын болып уағдаласты.

Анықтама: «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) адам саудасына қарсы жалпы Азиялық іс-шараларының бір бөлігі. Жоба мақсаты адам саудасын болдырмау, зардап шеккендерді қорғау және қауіпсіз миграцияға бағытталған. Бес жылға арналған жобаны Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда Winrock International ұйымы жүзеге асырады. Бұл жоба бойынша қазір алдағы 5 жылға арналған Ситуациялық сараптама (жұмыс жоспарын) дайындалуда.