Казинформ: “Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті”

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық жиын өтті. Тәуелсіздік күніне арналған шара Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ұйым бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, жылы лебізін білдіріп өтті. Көк байрағымызды қастерлеп, ардақ тұтуға шақырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айында әлеуметтік желілерде бастау алған акцияға белсенді атсалысқан патриот азаматтарға арнайы диплом мен төсбелгілерін табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов пен бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов, ақын Дәурен Айманбет пен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Қайрат Карибаев, Ақмарал Молдиярқызы бар. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты. Айта кетейік, «Көк тудың желбірегені эстафетасы» патриоттық акциясында білім, денсаулық, мәдениет салаларының қызметкерлері белсенділік танытқан болатын.

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-kok-tudyn-zhelbiregeni-atty-patriottyk-zhiyn-otti_a3593319