Тәуелсіздік – жалпыға ортақ еңбек

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақтөбе облысының кәсіподақ активінің отырысы өтті.

Кәсіподақтар Орталығының мәжіліс залында өткен жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, оған Үйлестіру кеңесінің мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және кәсіподақ қозғалысының белсенділері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.

Қатысушылар алдында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Еліміздің басты ұлттық мерекесімен құттықтап, сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді.

Салтанатты түрде кәсіподақ қозғалысының белсенділері еңбек жетістіктері, қарапайым жұмысшылар жоғары кәсіпқойлығы үшін Кәсіподақтар Федерациясының медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.

Марапатталғандар кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдірді. Іс-шараға қатысушылар кәсіподақтар қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеп, жиын соңы оған қатысушылардың суретке түсуімен аяқталды.