Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде Салалық кәсіподақтардың Аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланып, Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының І-ші Қысқы Бүкілқазақстандық еңбекшілер спартакиадасына қатысу тәртібі қаралды.
Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қызметкерлердің еңбек құқықтарын, қауіпсіз еңбек жағдайларын және әл-ауқатын жақсарту туралы” отырысында айтқан бастамаларына қатысушылардың назарын аударды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне Еңбек адамының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін қорғауға белсенді қатысқаны, азаматтық қоғамды дамыту бойынша оңтайлы қадамдарды әзірлеуге тікелей қатысқаны және атқарылған жұмысы үшін Саида Ибраева Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” белгісімен, Сергей Литтау “Кәсіподақ ардагері” белгісімен, Құндыз Балапанова, Нұрия Жұмажанова, Қуанышбеков, Ғалия Мергенбаева Құрмет грамоталарымен және Карина Хасянова алғыс хатпен марапатталды.