РИКА ТВ: “Медицина қызметкерлері өзекті мәселелерді талқылады”

Бүгін Ақтөбеде “Сенім” денсаулық сақтау жүйесі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының I республикалық форумы өтті. Форумға қатысуға бүкіл елден 1200 делегат келді. Форум барысында медицина саласының басты мәселелері талқыланды. Өнер орталығының фойесінде фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканың көрмесі ашылды. “Сенім” денсаулық сақтау жүйесінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірінші республикалық форумына келген қонақтар медицина саласындағы соңғы технологиялармен танысты. Форумның мақсаты денсаулық сақтаудың өзекті мәселерін шешу. Кәсіподақтардың рөлін күшейту, мамандықтың беделін көтеру, медицина қызметкерлеріне ел тұрғындарының сенімін арттыру, жалақы, дәрігерлердің статусын көтеру мәселелері талқылады. “Сенім” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына 216 мың адам мүше. Басты бағыты тұрақты даму. Келер жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілуі мүмкін. Медбикелердің республика бойынша орташа жалақысы 150-160 мың теңге. Бұл аз. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Ел бойынша дәрігерлерге қатысты 100-ден астам жала жабу дерегі тіркелген. Қоғамда мұғалімдер секілді, дәрігерлердің де мәртебесін көтеру керек дейді “SENIM” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ АФ төрағасы Қайрат Сабыр. “Сенім”денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына әр медицина қызметкері жалақыларынан 1 пайыз аударады. Нәтижесінде кәсіпорын жиналған қаражаттың 65 пайызын бастауыш ұйымдарға беріп отырады. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы басты назарда. Сала мамандарының қажеттілігі үшін 8 млн теңге жұмсалған. Форум соңы дөңгелек үстелмен жалғасты. Денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан медицина қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар арнайы төсбелгілер табысталды.