Жастар кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы “Келешек” жастар ісі бойынша кеңесінің қорытынды жиналысы өтті.

Шара барысында ағымдағы жылдың ең үздік жобалары мен шаралары айтылып, бағаланды. “Келешек” жастар ісі БҚО бойынша кеңес төрайымы Шайқы Ақерке келесі 2020 жылға құрылған жоспардың тыңдалымын өткізіп, аталмыш жылдық жоспарға ұсыныс-пікірлер айтылды.

Сонымен қатар, салалық кәсіподақ ұйымдарынан “Келешек” жастар ісі бойынша кеңесінің құрамында жүріп, жыл бойы белсенділік танытқан мамандар БҚО Кәсіподақтар Орталығының Төрайымы А.Есекенованың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Аталмыш жиналыста 13-ші желтоқсан күні ҚР тәуелсіздік күніне орай оздырылған “Тәуелсіз елдің ұрпағынан Келешекке хат” атты эссе байқауының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды.