Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауда бірлескен шараларды жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 30 желтоқсаны күні Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ​ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында облыс кәсіподақтары әлеуметтік әріптестермен ​ еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіптік жарақаттар мен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша келісілген әрекеттерді жүзеге асыратын болады. Тараптар еңбек жағдайында жарақаттанудың алдын алу, оны болдырмауға бағытталған түсіндірме жұмыстарды үйлестіріп, өндірістік жазатайым оқиғалар орын алғанда жедел ақпарат алмасу арқылы шұғыл бірлескен шаралар қабылдауға келісім жасады.