Тұңғыш президентіміз «Болашақ – білімді жастар қолында!» ұранымен 2019 жылды еліміздің ең жалынды, жігерлі, іскер жастарына арнап «Жастар жылы» деп белгіледі.
Ауданымызда жыл санап білім саласының сапасына үлестерін қосып жүрген жас мамандар саны күн-күннен артып келеді. Осыған орай жас мамандардың біліктілігімен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, жас мамандардың аудан деңгейде педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында аудандық білім бөлімімен және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, алты кезеңнен тұратын «Жас маман 2019» байқауы мен «Ағашыммен бірге өсемін »акциясының жоспары құрылып, барлық білім беру ұйымдарына жолданды.
Жоспарға сәйкес, білім беру ұйымдарынан 45 жас маман өз еркімен қатысып, төртінші кезеңге ілесе алмады, ережеде көрсетілгендей жұмыстары сараланған 19 жас маман соңғы кезеңге дейін қатысып келді.
Жігерлі, ізденімпаз жас мамандарды марапаттау мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 30-шы жұлдызында Басқұдық селосында орналасқан №9 орта мектепте аудандық кәсіподақ ұйымының демеушілігімен жастар жылына орай «Жас маман – 2019» жобасы атты салтанатты шара өтті.
Шараға аудандық білім бөлімі басшысы Е.Овезов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Т.Баймбетова, «Нұр Отан»партиясының МАФ төрағасының бірінші орынбасары Г.Қонысбаева мен ардагер ұстаз Т.Дощанова жәнебілім беру ұйымдарының жас мамандары, атап айтқанда-214 көрермен мерекелік кештің қонағы болды.
Мерекелік шарада білім беру ұйымдарының жас мамандары флешмоб, ұстазға арналған ақын-жазушыларымыздың поэзиясын оқып, патриоттық ән айтып, бар өнерлерін ортаға салды. Барлық қатысушыларға тиісті орындарына лайық дипломмен құрмет грамотасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалынан бағалы сыйлықтар сертификаты табысталды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Т.Баймбетова «Жас маман – 2019» байқауының «Бас жүлде» және жылдың «Үздік жас маманы» номинациясы иегеріШоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Муфтуллаева Айгерім Рахметуллақызына Алматы қаласы Қарғалы шипажайына жолдама табыстады. Шара соңында барлық жас мамандар «Жастар гимнін» орындады.