Парламент депутаты бастауыш кәсіподақ ұйымында болды

2020 жылы 9 қаңтар күні Шымкент қаласының Асар шағын ауданындағы №89 жалпы орта мектепте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы және «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы №89 жалпы орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен, қамқоршылық кеңес мүшелерімен және Асар шағын ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ Шымкент қаласының және Түркістан облысының салалық кәсіподақтарының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Н.Әлтаев Парламенттегі жалпы заң қабылдау жұмыстары туралы, ал Б.Бекжанов кәсіподақтардың жұмыстары туралы ақпарат беріп өтті.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері мен шағын аудан тұрғындары тарапынан жылыжайларға субсидия беру, жаңадан салынған үйлерге электр энергиясын, ауыз су жүйесін, табиғи газ тарту мен жаңа көшелерге асфальт салу, ол бағыттан өтетін қоғамдық көліктерді жүргізу және халық санының өсіміне байланысты фельдшерлік-акушерлік пункт салу ұсыныстары мен өтініш тілектерін айтты.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаты жұмысшылар мен қызметкерлердің құқын қорғау екендігін және осы бағыттта кәсіпорындарда өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігін сақтау, жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздарын болдырмау, еңбек шарттарын жасасу мен ұжымдық шарт жасау, еңбек дауын татуласу орталығы шешу туралы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Сонымен бірге «Медиация» туралы заңның жұмыс істеу аясын кеңейту, соның нақты мысалы ретінде мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қызметкер арасында болатын дауды ең алдымен татуласу бойынша медиация баспалдағынан бастау қажетігі көтерілді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Әлтаев қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу төңірегінде тиісті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасайтынын және олардың орындалуы туралы қосымша хабарлайтынын айтты.