Кәсіподақтар үйінде «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының» Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңадан сайланған төрағаларымен жиналыс өтті.
Кездесу барысында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков жақында кәсіподақ ұйымдары ұйымдастырылған ұжымдардағы кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарын анықтап берді. Кәсіподақтарға сапалы жұмыс істеу қажет негізгі бағыттардың бірі бұл: ұжымдық шарттарды дайындау және қабылдау, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек етуі мен демалуына қолайлы жағдай жасау сұрақтарын шешу.
Мылтықбай Ғазалиев Қарағанды облыстық мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету кәсіподағының төрағасы әріптестерін филиалдың 2020 жылдың 17 қаңтарында өтетін бірінші облыстық конференциясының дайындық барысы туралы хабардар етті. Талқылау барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының барлық ұсыныстары ескерілді.
2019 жылдары Қарағанды облыстық филиалының кәсіподақ мүшелері 41 бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан1500 адам болды