Бірегей кейс: бір кәсіпорындағы екі кәсіподақ бірікті

Жұмыс берушімен тиімді ұжымдық келісімді іс-әрекеттерді жүргізу үшін кәсіподақ ұйымында ортақ мүдделерге негізделген жұмыскерлердің бірлігі болуы шарт.​

Қызылордадағы ірі мұнай компанияларының бірі – «СНПС-АйДан Мұнай» акционерлік қоғамы жұмыскерлері жиналып, кәсіподақ ұйымдарының қызметтеріне ​ қатысты ұтқыр келісімге келді. Вахталық қалашықтағы екі ауысымдағы жұмыскерлер мен әкімшілік қызметкерлер, барлығы 327 кәсіподақ мүшелері қатысқан жиналыста компаниядағы екі кәсіподақ ұйымының бірігуі туралы шешім қабылданды.

​ «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ Қызылорда облысында ұзақ жылдардан бері қызмет жасайтын ірі мұнай компанияларының бірі, 2019 жылы кәсіпорында жұмыскерлер бастамаларымен екі кәсіподақ ұйымы құрылған болатын. Кәсіподақ ұйымының қызметін түсіндіру мен еңбек қатынастарын реттеуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық кәсіподақ ұйымының бірлескен шаралары қатарында еңбек ұжымында, компания басшылығымен бірнеше кездесулер өткізілді., жүйелі жұмыстар жасалды.Компаниядағы кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушімен Ұжымдық шарт жасасуда бірігіп келісімдер жүргізіп, 2019 жылдың желтоқсан айында жұмыскерлер талаптары мен компания мүмкіндіктеріне негізделген Ұжымдық Шартқа салтанатты түрде тараптармен қол қойылды.

Жыл басындағы жалпы жиналыста Ғалым Жұптыбаев пен Алмас Нұрғалиев екі кәсіподақ ұйымының көшбасшыларының кандидатурасын ​ дауысқа салып, еңбек ұжымы басым дауыспен Алмас Нұрғалиевті ​ компанияның кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп сайлады. Осылайша «СНПС-АйДан Мұнай» компаниясы 2020 жылды жақсы жаңалықпен бастады, бұл кейс өз кезегінде Қызылорда облысының кәсіподақ қозғалысындағы бірегей нәтижеге айналды.