Еңбек құндылықтары және елдік құрмет

Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде “еңбек құндылықтары және елдік құрмет” тақырыбында университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру өте маңызды. Ақыл мен еңбек әр адамды екі жақтап алып шығуын қалай түсінеміз? Әлеуметтік әділеттілік қана қоғамның ілгері дамуының кепілі.
Лайықты еңбек – лайықты өмірдің алғышарттарын жасауға кәсіподақ ұйымдары секілді үкіметтік емес ұйымдар заң аясында қалай қызмет етуі тиіс? Кәсіби бағдар беруде, жұмысшы жастар деңгейін көтеруде және олардың азаматтық тұлғалық биігін қалыптастыруда қандай еңбек құндылықтары алда тұруы қажет? Бір жарым сағатқа созылған еркін әңгімелесуде осы өмірлік сауалдарға жауап берілді.

Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар Федерациясының еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғаудағы қызметі де айтылды. Кездесуде Еңбек адамына елдік құрмет көрсетудің ізгі өлшемдері ой-пікірге арқау болды. Жоғары оқу орнының жанынан жаңадан ашылған «Парасат» пікірталас клубы мүшелері бұл басқосудың мазмұндық сипатына алғыс білдірді.