ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева білім саласы қызметкерлерімен кездесті

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге білім саласының қызметкерлері, кәсіподақ белсенділері қатысты. Кездесу барысында саладағы жаңалықтар мен «Мұғалім мәртебесі» заңы талқыланды.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов кәсіподақ мүшелерінің еңбек-әлеуметтік мүдделері мен құқықтарының арнайы Заң аясында қорғалуымен елде білім беру сапасы мен ұжымдардағы еңбек өнімділігіне оң серпіліс берілетіндігіне сенімін жеткізді. Сонымен қатар, заңдардың жетiлдiрiлуi өмір талабы екендігі және ол еңбекшілердің жағдайының жақсаруында ұйымда ұжымдық шарттың сапалы жасалып, алеуметтiк қолдау шараларының қарастыру мәселесінің маңызы зор екендігін атап өтті.

Сала қызметкерлері ​ аталған Заңның күшіне енуіне байланысты қуаныштарын білдіріп, саладағы басқа да көкейтесті мәселелерді ​ көтерді.​